Қазақстандық Ерғали Шамей парадзюдодан Азия чемпионы атанды.
Ол финалда көзі мүлдем көрмейтіндер санатында (J1) 73 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Шохрух Мамедовты жеңді. Ал қола жүлдені ирандық Махди Борчлоу мен қырғызстандық Маматибраим Суранов жеңіп алды.
Бұған дейін Даяна Фидосова чемпион атанып, Ақмарал Науатбек күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.