Бокс

ӘЧ: Санатәлі Төлтаев израильдік боксшыны ұтты

Ол 63,5 келіге дейінгі салмақта израильдік Ахмад Штивимен жолықты

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатын Санатәлі Төлтаев та сәтті бастады.

Ол 63,5 келіге дейінгі салмақта израильдік Ахмад Штивимен жолықты. Жерлесімізге бұл жекпе-жек оңайға соққан жоқ. Төрешілердің шешімен келесі кезеңге өтті.

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай (86 келі) Конго өкілі Натан Нланду Мбелиді техникалық нокаутпен ұтқан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button