БастыБокс

Алғашқы жекпе-жек, алғашқы нокаут: Сағындық Тоғамбай қарсыласын ұтты

Ташкентте (Өзбекстан) бокстан әлем чемпионаты жалғасып жатыр.

86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелимен кездесті. Жастар арасында Азияның үш дүркін чемпионы Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, үшіншісінде төреші айқасты тоқтатуға мәжбүр болды.

Осылайша Сағындық Тоғамбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Енді 19:00-де басталатын кешкі сессияда Санатәлі Төлтаев (63,5 кг) Израиль боксшысы Ахмад Штивимен өзара кім мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button