Бокс

Дулат Бекбауов әлем чемпионатында ширек финалға шықты

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатында екінші кездесуін өткізді.

67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Бекбауов 1/8 финалда үндістандық Акаш Сангванмен жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Дулат Бекбауов Қазақстан құрамасы сапында 2023 жылғы әлем чемпионатының кезекті ширек финалисі атанды.

Бекбауов – 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Өткен жылы ол «кіші әлем чемпионатында» («Странджа кубогы») күміс медаль жеңіп алды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button