Бокс

Бокстан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы орны анықталды

Ташкентте ерлер арасында бокстан әлем чемпионаты аяқталды.

Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екінші орыннан көрінді.

Ұлттық құрама боксшылары 4 алтын, 1 күміс медаль еншіледі.

Естеріңізде болса, 2013 жылы Алматыда өткен әлемдік додада Қазақстан құрамасы 4 алтын, 2 күміс, 2 қола алған еді.

Ташкенттегі додада шаршы алаң иелері көш бастады: 5 алтын, 2 күміс, 2 қола. Ал Ресей құрамасы (2 алтын, 4 қола) үздік үштікті түйіндеді.

Жалпы медальдар кестесі:

1.Өзбекстан (5-2-2).

2.Қазақстан (4-0-1).

3.Ресей (2-0-4).

4.Куба (1-3-2).

5.Франция (1-1-1).

6.Грузия (0-1-2).

7.Моңғолия (0-1-1).

7.Бразилия (0-1-1).

7.Әзербайжан (0-1-1).

10.Қытай (0-1-0).

10.Италия (0-1-0).

12.Үндістан (0-0-3).

12.Испания (0-0-3).

14.Армения (0-0-2).

15.Қырғызстан (0-0-1).

15.Иордания (0-0-1).

15.Тәжікстан (0-0-1).

15.Мексика (0-0-1).

Чемпионатта Халықараралық бокс федерациясының (IBA) шешімімен жеңімпаздарға – 200 мың, күміс медаль алғандарға – 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button