Футбол

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы УЕФА Даму турниріне қатысады

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 24-29 мамыр аралығында Волгоградта өтетін (Ресей) УЕФА Даму жарысына қатысады.

Біздің жігіттер Ресей, Қырғызстан және Беларусь командаларымен кездеседі. Турнир айналма жүйе бойынша өтеді, ең көп ұпай жинаған құрама жеңімпаз атанады. Матчтар «Зенит» және «Олимпия» стадиондарында өтеді. Ойындар Ресей футбол одағының ресми сайтында және әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетіледі.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Талғарда өтіп жатқан ОЖЖ шақыртылған ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Саятхан Құсайынов («Ақтөбе»), Александр Латычевский (Ақжайық);

Қорғаушылар: Абзал Сағын («Астана»), Адлан Нұрғалиев, Әмірбек Базарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Әлім Ахметов («Жетісу»), Ерасыл Темерші («Жас Қыран»), Дарын Оспан («Ақтөбе»);

Жартылай қорғаушылар: Кирилл Овчинников («Жетісу»), Нұрдәулет Орынбасар, Азизжон Бердиев (екеуі де – «Тараз»), Захар Порох, Әнуар Абдрашин (екеуі де – «Оңтүстік»), Глеб Макридов («Шахтер»), Евгений Кузнецов, Тұрсын Мұхамедияр, Аламгир Смақов, Абылай Төлеухан (барлығы – «Қайрат»);

Шабуылшылар: Мұхамед Сәдуақас, Бағдәулет Нұралы (екеуі де – «Ордабасы»), Азамат Алан («Астана»), Ильдар Абайдуллаев («Жас Қыран»), Роман Брагин («Алтай»), Мәнсүр Бірқұрманов, Исмаил Мұртаза (екеуі де – «Қайрат»), Рауан Меркебай («Фонтсанта Фатжо», Испания), Ернар Қоспаев («Жетісай»), Глеб Оленик («Шахтер»).

Ойындар кестесі (Астана уақыты көрсетілген):

24 мамыр

1-тур

Беларусь – Қырғызстан – 16:00 («Зенит» стадионы)

Ресей – Қазақстан – 21:00 («Зенит» стадионы)

26 мамыр

2-тур

Қазақстан – Қырғызстан – 16:00 («Зенит» стадионы)

Ресей – Беларусь – 21:00 («Зенит» стадионы) 29 мамыр

3-тур

Қырғызстан – Ресей – 13:00 («Зенит» стадионы)

Қазақстан – Беларусь – 15:30 («Олимпия» стадионы).

Басқа жаңалықтар

Back to top button