Аралас жекпе-жек

Шавкат Рахмонов кіммен кездескісі келетінін айтты

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта алтыншы нөмірді тұр

UFC-дегі қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов «Спорт Шредингера» YouTube арнасына берген сұхбатында Камар Усман – Хамзат Чимаев жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтты.

– Камар Усман – Хамзат Чимаев жекпе-жегінде кім жеңеді деп ойлайсың? Усманды тізімнен сызып тастай беруге бола ма?

– Білмеймін, бәрін жекпе-жек көрсетеді. Бәрі қай салмақта өтетініне байланысты. Мен дайынмын! Екеуінің арасында қайсысы жеңсе, сонымен шығамын! – деді Шавкат.

Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта алтыншы нөмірде тұр. «Номад» UFC-де бес айқас өткізіп, соның бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button