Футбол

Қазақстан кубогы аясында өтетін матч күні ауыстырылды

«Ордабасы» мен «Астана» арасындағы ойын 8 шілдеден 6 шілдеге ауыстырылды.

Бұл туралы pflk.kz сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы елордалық клубтың Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне қатысуына байланысты «Астана» футбол клубының өтінішін ескере отырып, «Ордабасы» футбол клубының тиісті келісімін алып, «Ордабасы» мен «Астана» арасындағы Қазақстан OLIMPBET-Кубогының қарымта кездесуін 2023 жылдың 8 шілдесінен аталмыш айдың 6 жұлдызына ауыстыру туралы шешім қабылдады, – делінген мәліметте.

Басқа жаңалықтар

Back to top button