Футбол

Қазақстандық клубтардың еурокубоктағы қарымта кездесулеріне төрешілер белгіленді

Қазақстандық «Астана» мен «Тобыл» командаларының еурокубок ойындарындағы қарымта кездесулеріне төрешілер белгіленді

UEFA Чемпиондар лигасы бірінші іріктеу сатысында елордалық «Астана» 19 шілдеде сырт алаңда Грузияның «Динамо Тбилиси» командасымен қарымта ойын өткізеді.

Кездесуге англиялық Стюарт Эттуэлл бас төреші ретінде бекітілген. Оған отандастары Стюарт Бэрт пен Нил Дэвис көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де – англиялық Джон Брукс.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 1:1 есебі тіркелді.

Сондай-ақ, Конференция лигасы бірінші іріктеу сатысында сынға түсіп жатқан «Тобыл» 20 шілдеде сырт алаңда Финляндияның «Хонка» клубымен шеберлік байқасады.

Кездесуде Лазар Лукич бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Драган Богичевич пен Боян Банович көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де сол елдің өкілі Никола Джорджевич.

Алғашқы ойында «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button