Футбол

Зайнутдинов «Бешикташқа» қашан ауысады

«Бахтиер Зайнутдинов «Бешикташқа» ауысуы мүмкін бе?» деген сауалға футболшының өзі жауап берді.

– Қазір ақпарат көп. Ресми мәліметті күткеніміз дұрыс. Себебі мен өзім де әлі ештеңе білмеймін, күтіп жүрмін.

– Өзің «Бешикташқа» ауысқың келе ме?

– Айта алмаймын, ЦСКА-мен келісімшартым бар. Арманым – топ-5-те өнер көрсету. Түркия чемпионаты да осал емес. Ресей мен Түркия чемпионаттарының деңгейі бірдей. Санкцияға байланысты Түркиядан Еуропаға кету оңайырақ.

– Бір жыл бұрын «Аталантаның» шорт-парақшасына енгенің туралы айтылған. Бұл қаншалықты рас ақпарат?  

– Ресми оффер болған жоқ. Қызығушылық танытқанымен, келісім жүрген жоқ. Агент маған бәрін бірдей айта бермейді, көп мағлұматты біле бермеймін. Неше түрлі хабарламалар болды ғой.

– «Аталантадан» да келді ме?

– Иә, бірақ жеке менімен сөйлескен жоқ. Шомурадовтан ғана сұрастырған пекен. Италияда ойнаған дұрыс деп жатады. Маған келеді дейтіндер көп.

– Өзің Италияның қай клубына жанкүйер болдың?

– А сериясында маған «Рома» мен «Милан» ұнайтын, жалпы өзім «Барселонаның» жанкүйерімін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button