Футбол

Мадияр Кембілов футболдан Қазақстан әйелдер құрамасына бас бапкер болды

Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады

Қазақстандық маман Мадияр Кембілов Қазақстан әйелдер құрамасының жаңа бас бапкері болып тағайындалды.

Ол бапкерлік мансабын 2005 жылы бастады. «Ордабасы U-16», «Академия Оңтүстік», «Тұран Ж», «Яссы» сияқты клубтарда жаттықтырушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда «БИІК-Шымкент» қыздар командасының бас бапкері қатар атқарады.

Бұған дейін бұл қызметті ресейлік маман Александр Семенов болған еді.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы биыл УЕФА Ұлттар лигасына қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button