Футбол
Ыстамбұлға жеткен Зайнутдинов алғашқы әсері жайлы айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов Ыстамбұлға келгендегі әсерін бөлісті.
Өте қуаныштымын! «Бешикташ» – тарихы тереңде жатқан, белсенді жанкүйерлері бар үлкен клуб. Инстаграм парақшама «Бешикташ» жанкүйерлерінен көптеген хат келді. Қуаныштымын, — деді Бахтиер.
Айта кетейік, Зайнутдинов 2020 жылдан бері ЦСКА сапында өнер көрсетті. Ол «әскерилер» сапында 83 матчқа қатысып, 7 гол соқса, 8 нәтижелі пас берді. Түркия БАҚ өкілдерінің мәліметінше, ЦСКА оны 4,5 млн еуроға сатқан.