Футбол

Зайнутдинов Қазақстанға оралды

Түріктің «Бешикташ» клубының Бахтиер Зайнутдинов Еуропа чемпионатының іріктеу матчына қатысу үшін Қазақстанға оралды, деп хабарлайды "Қазақ спорты"."

Зайнутдиновтің елге оралғанынан видеоны Қазақстан футбол федерациясы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасының сапына Рамазан Оразов, Марат Быстров пен Нұралы Әліп қосылды.

Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Еуро-2024 аясында 7 қыркүйек күні Финляндияны, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияны қабылдайды.

Төрт ойыннан кейін құрамамыз Н тобында 9 ұпаймен Финляндиядан кейінгі екінші орында тұр. Финдердің еншісінде де 9 ұпай, бірақ олар қосымша көрсеткіштер бойынша 1-орынға жайғасқан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button