Футбол

Қазақстан – Финляндия матчына билеттер 50 мың теңгеден сатылып жатыр

Қазақстан – Финляндия матчы бүгін, 7 қыркүйек күні, елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Бұл ойынды күтіп жүргендер көп, ал билеттер осыдан біраз уақыт бұрын-ақ толықтай сатылып кеткен. Кездесуге билет іздеп жүрген адам көп. Бірақ олардың біраз бөлігі алыпсатарлардың қолында секілді. Тиісінше хабарландыру сайттарында билеттер құны шарықтап тұр. Тіпті 50 мың теңгеден сатылып жатқан билеттер бар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button