Бокс

Валентина Хальзова жолдамадан қағылды

Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсициодағы іріктеу турнирінде жеңіліс тапты. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Хальзова ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Жекпе-жек бойына тізгін бермеген Синди үшінші раундта қазақстандық боксшыны нокдаунға жіберіп, кездесу тоқтатылды.

Осылайша, Хальзова Париж жолдамасына бұл жолы қол жеткізе алған жоқ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button