Бокс

Бокстан Бакудегі турнир: төрт боксшымыз шаршы алаңға шығады

Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан «Ұлы Жібек жолы» халықаралық турнирі жалғасуда.

ҰОК мәліметінше, бүгін төрт қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады.

Бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылар:

48 келі: Теміртас Жүсіпов — Адам Әлиев (Ресей)

54 келі: Тимур Қабдешов — Максим Кузнецов (Ресей)

60 келі: Талғат Сырымбетов — Бахтиер Асадов (Өзбекстан)

71 келі: Дархан Дүйсебай — Касра Тахмасеви (Иран)

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақта турнирдің финалына шыққан болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button