Бокс

Мұхаммедсабыр Базарбайұлы бокстан спаррингтік турнирдің жартылай финалына өтті

Астанада бокстан спаррингтік турнир басталып, 63,5 келідегі алғашқы жекпе-жек аяқталды

Olympic.kz мәліметінше, бірінші кездесуде Ертуған Зейнуллинов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жұдырықтасқан болатын. Тартысты жекпе-жекте төрешілер шешімімен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы жеңіске жеткен. Есеп – 4:1.

Айта кетелік, Зейнуллинов Базарбайұлына ел Спартакиадасында да есе жіберген еді.

Енді жартылай финалда Мұхаммедсабыр Базарбайұлы Жандос Қарабалиевпен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button