Бокс

Іріктеу турнирі: Дулат Бекбауов финалда бокстасады

Бокстан Астанада өтіп жатқан лицензиялық турнирге іріктеу кезеңінде 63,5 келі салмақтағы екінші финалист анықталды

Olympic.kz мәліметінше, жартылай финалдағы екінші жекпе-жекте Дулат Бекбауов пен Серік Теміржанов кездескен болатын.

Кездесудің алғашқы раундында Теміржанов алға шықты. Екінші раундты Бекбауов өз еншісіне жазды.

Шешуші кезеңде төрешілер Бекбауовты жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, 67 келіден ауысқан Дулат Бекбауов ертеңгі финалдық жекпе-жекте Мұхаммедсабыр Базарбайұлымен жұдырықтасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button