Бокс

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы лицензиялық жарысқа дайындықты бастады

Бокстан Қазақстан әйелдер командасы Алматы облысындағы "Ақбұлақ" Олимпиада орталығында жаттығу жиынын өткізуде

Қазақстан бокс федерациясының мәліметінше, жаттығу жиынының басты мақсаты – боксшы қыздарды Таиландтағы лицензиялық турнирге бабында апару.

Бұл Елдос Сайдалиннің бас бапкер ретіндегі алғашқы жаттығу жиыны.

Айта кетелік, Таиландтағы соңғы іріктеу турниріне қатысатын боксшылар Астанадағы спаррингтік жарыста анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша Назым Қызайбай (50 келі), Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Наталья Богданова (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) Олимпиадаға іріктеу турнирінде бақ сынайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button