Бокс

Санатәлі Төлтаев кәсіпқой боксқа ауысады

Қазақстандық боксшы Санатәлі Төлтаев SPORT+-ке берген сұхбатында кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдағанын айтты.

«Кәсіпқой боксқа ауысуды жоспарлап отырмын. Алланың қалауымен мамыр айында алғашқы айқасымды өткіземін. Негізі Белградтағы әлем чемпионатынан соң ауысуым керек болған, бірақ бапкерім Олимпиадада бақ сынап көрейік деген ұсыныс айтты. Сонан соң шешімді асықпай қабылдаймыз деп келістік. Менің салмағымда лицензиялық жарысқа басқа боксшы барғандықтан, кәсіпқой боксқа ауысу туралы шешім қабылдадым. Айқасым қандай бокс кешінде өтетінін, қарсыласым кім болатынын алдағы уақытта айтамыз», – деді Төлтаев.

Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев Қазақстан құрамасы сапында екі әлем біріншілігіне (2021 жылы – Белград, Сербия, 2023 жылы – Ташкент, Өзбекстан) қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button