Футбол

Еуро-2025: Қазақстанның Армениямен ойнайтын әйелдер құрамы жарияланды

Құраманы алаңға Бибігүл Нұрышева бастап шығады

Қазақстанның әйелдер құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Армениямен ойнайтын құрамын жариялады, деп хабарлайды qazaqsporty.kz.

Арменияның Армавир қаласында өтетін ойында құраманы алаңға Бибігүл Нұрышева бастап шығады.

Сондай-ақ Германияның «Турбине Потсдам» клубының шабуылшысы Әмина Бибосынова ұлттық құрамадағы алғашқы ойынын өткізеді.

«Армавир» стадионында өтетін матч 31 мамыр күні Астана уақытымен 18:00-де басталады. Ал кездесуді QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бас бапкер Мадияр Кембілов алаңға негізгі құрамда мына ойыншыларды шығарады:

Ангелина Портнова (қақпашы)

Мария Демидова

Анастасия Низамутдинова

Камила Құлмағамбетова

Аида Гайстенова

Бибігүл Нұрышева

Әсем Қаражанова

Қазына Норбаева

Светлана Бортникова

Әмина Бибосынова

Әселхан Тұрлыбекова

Фото: instagram.com/kff_women

Басқа жаңалықтар

Back to top button