БаскетболҚысқы спортшахмат

VI қысқы Спартакиада басталады

8 ақпан - 13 сәуір аралығында Өскемен, Алматы, Риддер, Щучинск қалалары мен Алматы облысында VI қысқы Спартакиада өткізіледі.

Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын қысқы Спартакиаданың алғашқы жарысы 8 ақпан күні Өскемен қаласында шайбалы хоккейден ерлер бәсекесімен басталады.

Жарыстың мақсаты — Олимпиаданың алдында спорт түрлері бойынша ұлттық құраманы іріктеу. Бәсекеге 17 облыс пен 3 мегаполис спортшылары қатысады деп күтілуде.

3 айға жалғасатын қысқы спорт ойындарында спортшыларымыз шайбалы хоккей (ерлер), шайбалы хоккей (әйелдер), шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл-акробатика, фристайл-могул, сноуборд, тау шаңғысы , керлинг, шаңғы, шорт-трек, биатлон, конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау түрлері бойынша сынға түседі.

Жарыс кестесі:

Шайбалы хоккей (ерлер) — 8-15 ақпан (Өскемен қ.)

Шаңғы қоссайысы — 17-23 ақпан (Алматы қ.)

Шаңғымен тұғырдан секіру — 17-23 ақпан (Алматы қ.)

Фристайл (акробатика) — 2-6 наурыз (Алматы қ.)

Сноуборд — 10-14 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)

Тау шаңғысы — 10-18 наурыз (ШҚО, Риддер қ.)

Керлинг (ерлер, әйелдер, аралас жұп, аралас командалық сайыс) — 14 наурыз — 13 сәуір (Алматы облысы

Шаңғы жарысы — 17-25 наурыз (Ақмола обл, Щучинск қ.)

Шорт-трек — 20-24 наурыз (Астана қ.)

Биатлон — 24 наурыз — 4 сәуір (Щучинск қ.)

Конькимен жүгіру — 25-28 наурыз (Астана қ.)

Фристайл (могул) — 26-30 наурыз (Шымбұлақ тау-шаңғы курорты)

Шайбалы хоккей (әйелдер) — 26 наурыз — 1 сәуір (Өскемен қ.)

Мәнерлеп сырғанау — 7-12 сәуір (Өскемен қ.)

Басқа жаңалықтар

Back to top button