Теннис
Теннисші Александр Шевченко Бразилиядағы турнирдің екінші айналымына өтті
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды

Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ATP 500 санатындағы турнирдің екінші айналымына шықты.
Жарыстың алғашқы кезеңінде Шевченко әлемдік рейтингте 149-орында тұрған бразилиялық Фелипе Мелигени-Альвесті 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Матч 1 сағат 24 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және 13 брейк-пойнттың бесеуін жүзеге асырды.
Турнирдің ширек финалына шығу үшін ол Александр Зверев (Германия) – Бу Юнчаокете (Қытай) жұбының жеңімпазымен кездеседі.