Нысана көздеуден Азия кубогы: Қазақстан көш бастады
Бүгінгі күнге дейін Қазақстан құрамасы алты алтын медаль жеңіп алды.

Бангкокте (Таиланд) нысана көздеуден Азия кубогы өтіп жатыр.
Әзірге спортшыларымыздың қоржынында 13 жүлде бар.
Алтын медаль иегерлері: Елизавета Безрукова, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, аралас жұп); Ислам Сатпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, командалық жарыс); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату); Никита Шахторин, Константин Малиновский, Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, командалық жарыс, жатып ату); Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай); Юрий Юрков, Никита Шахторин, Константин Малиновский (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай, командалық жарыс).
Күміс жүлде иегерлері: Ирина Юнусметова, Ольга Аксенова, Валерия Попелова (пневматикалық тапанша, командалық жарыс); Валерий Рахимжан (пневматикалық тапанша); Ислам Сәтпаев (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Чирюкин (жылдам ату тапаншасы); Юрий Юрков (пневматикалық винтовка, 50 метр, үш жағдай).
Қола жүлдеге ие болған спортшылардың қатарында Александра Ле (пневматикалық винтовка, 10 метр); Никита Шахторин (пневматикалық винтовка, 50 метр, жатып ату).
Айта кетейік, Бангкоктегі жарыстар әлі жалғасуда. Турнирде әртүрлі жас санаттары бойынша да жүлделер сарапқа салынады. Азия кубогы 22 ақпанда аяқталады.