
Қазақстандық Санжар Тәшкенбай Болгарияның София қаласында өтіп жатқан «Странджа кубогында» жеңіліс тапты.
Спортшы бұл турнирде 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Ирландиялық Луис Руниге қарсы жекпе-жекте Тәшкенбай бірінші раундта нокдаунға түсті. Осы сәттен кейін ол белгісіз себептермен жекпе-жекті жалғастырудан бас тартып, жарысты аяқтады.