Бокс

Қанат Ислам жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам спорттағы мансабында алғаш рет жеңілді.

Ол WBO Global чемпиондық белбеуін үшін британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) жұдырықтасты.

Төрешілер 10 раундқа созылған жек-жек қорытындысында Джимми Келлиді жеңімпаз деп таныды. Жекпе-жек АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтті.

Айта кетейік, бұл — Қанаттың карьерасындағы алғашқы жеңілісі.

29 жастағы Джимми Келли осыған дейін 2 рет жеңіліп, 26 рет (10 нокаут) жеңіске жеткен. Ол бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін кездесуде жерлесі Лиаму Смиттен жеңіліп қалған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button