Бокс
«Странджа» кубогы: үш қызымыз финалда бокстасады
«Странджа» турнирінде бокстан Қазақстан әйелдер командасының үш өкілі финалға шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, Назым Қызайбай (50 келі), Дина Жоламан (54 келі) және Ләззат Күнгейбаева (+81 келі) ақтық сында алтын жүлдеге таласады.
Ал Дариға Шәкімова, Надежда Рябец, Римма Волосенко мен Анастасия Баязитова турнирдің қола жүлдегері атанды.