БастыБокс

Артаевтың орнына Ақшалов тағайындалды

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов жаңа қызметке тағайындалды.

Ол  — ҚР бокс федерациясының вице-президенті/мемлекеттік жаттықтырушы болып тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев атқарған болатын.

Бейресми дереккөзі бойынша, “Дикий Арманды” қорғап, әлеуметтік желіде пост жазғаны үшін Артаев қызметінен алынған.

Ақшалов спортшы ретінде Бейжің Олимпиадасына қатысты, «Астана Арланс» командасының құрамында Дүниежүзілік бокс сериясында өнер көрсетті. 2013 жылы тамызында Азия чемпионы атанды, ал қазан айында Алматыда өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ал боксшы ретінде карьерасын 2014 жылы аяқтаған. Былтырғы жылдан бері ол

Ақмола облысы, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары болған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button