Бокс
Бокс ұйымдары Ресейде жекпе-жек өткізбеу туралы келісімге келді
Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO), Халықаралық бокс федерациясы (IBF), Дүниежүзілік бокс кеңесі (WBC), Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) Ресейде жекпе-жек пен турнир өткізбеу туралы келісімге келді.
Бұл туралы WBO сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды. Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) атқарушы комитеті спорт федерациялары мен турнир ұйымдастырушыларына ресейліктер мен белорустарды жарысқа қатыстырмауды, қатысқан жағдайда да, олар бейтарап статуста болуын ұсынған еді. Тіпті ХОК Ресей мен Беларусьте жарыстар өткізбеу туралы да ұсыныс енгізген.
Бұған дейін ФИФА да Ресейде футбол турнирлерін ұйымдастырмаймыз деп келісті. Ал футбол құрамасы мен клубтар халықаралық жарыстардан шеттетілді.