Футбол

«Тобыл» 2022 жылғы Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

Қостанайдың "Тобыл" клубы Қазақстан Суперкубогына жеткізді. Елордада өткен финалда Алматының "Қайрат" клубын жеңді.

Матч 2:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда «Қайрат» ойыншысы өз айып алаңында Душан Йованчичті құлатты. Төреші пенальти белгіледі. Нүктеге келген Серікжан Мұжықов қателескен жоқ. Дегенмен, үзіліске дейін Жоао Пауло қақпаның тоғыздығын дәл көздеді.

Екінші кезеңде «Қайраттың» есепте алға шығатын мүмкіндігі болған. Бірақ пенальтиден Рикарду Алвеш мүлт кетті. Есесіне, 81-минутта Айбар Жақсылов «Тобылға» жеңіс сыйлады. Осылайша, 2022 жылғы Қазақстан Суперкубогы Қостанай командасына бұйырды.

«Тобыл» – «Қайрат» – 2:1

Голдар: Серікжан Мұжықов, 30-пенальтиден (1:0). Жоао Пауло, 39 (1:1). Айбар Жақсылықов, 83 (2:1).

«Тобыл»: Александр Мокин,  Владислав Васильев, Жарко Томашевич, Сергей Малый, Александр Марочкин, Бағдат Қайыров – Душан Йованчич, Серікжан Мұжықов (К), Рубен Бриджидо (Самат Жарынбетов, 90), Зоран Тошич (Асхат Тағыберген, 65), Игорь Сергеев (Айбар Жақсылыков, 81);

«Қайрат»: Данил Устименко, Сергей Кейлер, Арсен Буранчиев, Виктор Васин, Маки Баньяк, Еркебұлан Сейдахмет,Яцек Гуральский (К), Рикарду Алвеш, Данияр Үсенов (Вячеслав Швырёв, 57), Жоао Пауло (Гүлжігіт Әліқұлов, 84), Хосе Канте (Артур Шушеначев, 58);

Төрешілер: Данияр Сахи (Қызылорда), Орынбаев Илашбек (Түркістан облысы), Юрий Тихонюк (Актобе).

2 наурыз, Нұр-Сұлтан, «Астана-Арена». 6 000 көрермен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button