«Қайрат» жаңа маусымды жеңіспен бастады
Қазақстан премьер-лигасының бірінші турының орталық матчы Алматыда өтті, деп хабарлайды Qazaqsporty.kz тілшісі.
«Қайрат» өз алаңында биыл құрамы әжептәуір жаңарған «Ақтөбені» қабылдады. Бірінші тайм 0:0 есебімен аяқталса, екінші кезеңде Хосе Канте дубльдің авторы атанды. Сөйтіп, былтырғы маусымның қола жүлдегері «Қайрат» алғашқы ойынды жеңіспен бастады.
«Қайрат» – «Ақтөбе» – 2:0
Голдар: Хосе Канте 67 (пенальти), 86
«Қайрат»: Данил Устименко, Сергей Кейлер, Арсен Буранчиев, Маки Баньяк, Дамир Қасаболат, Еркебұлан Сейдахмет,Яцек Гуральский (К), Рикарду Алвеш,Жоао Пауло, Данияр Усенов (Вячеслав Швырёв, 62), Артур Шушеначев (Хосе Канте, 62);
«Ақтөбе»: Стас Покатилов, Дмитрий Шомко (Арман Кеңесов, 73), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (К), Артурас Жулпа, Владимир Гинайтис,Рамазан Оразов (Руслан Камболов, 78), Никита Маляров, Уго Видемон, Рожерио Шина, Виталий Балашов;
Төрешілер: Московченко Григорий, Белоградов Дмитрий (екеуі де – Павлодар), Филоненко Дмитрий (Тараз).