Молдова Қазақстанмен кездесуге қатысатын ойыншыларының тізімін жариялады
Молдова футбол федерациясы Ұлттар лигасы аясында Қазақстанмен өтетін кездесуге қатысатын ойыншыларының кеңейтілген тізімін жариялады.
Бұл тізімде тек өзге елдердің чемпионатында легионер болып ойнап жүрген футболшылар енген.
Алғашқы матч 24 наурызда Кишинев қаласындағы «Зимбру» стадионында өтеді деп жоспарланған.
Ал Қазақстан 29 наурызда «Астана Арена» стадионында қабылдайды.
Қақпашылар: Станислав Намашко («Кешля», Әзірбайжан), Дориан Райлян («Униря Деж», Румыния);
Қорғаушылар: Олег Рябчук («Олимпиакос», Грекия), Игорь Армаш («Волунтарь», Румыния), Вячеслав Посмак («Тузласпор», Түркия), Денис Марандич («Целе», Словения), Даниэл Думбравану («Сиена», Италия), Артур Крачун («Царско село», Болгария);
Жартылай қорғаушылар: Артур Ионица («Беневенто», Италия), Рацэ («Волунтарь», Румыния), Михаил Каймаков («Славен Белупо», Хорватия), Кристиан Дрос («Славия Мозырь», Беларусь), Дмитрий Мандрыченко («Ингулец», Украина);
Шабуылшылар: Виталий Дамашкан («Сепси», Румыния), Раду Гынсарь («Ксанти», Греция), Ион Николаеску («Маккаби Петах-Тиква», Израиль), Вирджилиу Постолаки («Мускрон», Бельгия);
Ал нақты тізім 10 наурызда белгілі болады. Бұған жергілікті чемпионатта ойыншылар қосылады.