БастыЖеңіл атлетика
Қазақстан араға 10 жыл салып, жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында жүлде алды
Қазақстандық жеңіл атлет алғаш рет әлем чемпионатында жүлдеге ілікті.
Белградта жабық ғимаратта жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстандық Надежда Дубовицкая әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.
Надежда Дубовицкая жарыс қорытындысы бойынша 1 метр 98 см нәтиже көрсетті. Осылайша ол биіктікке секіру бойынша әлем чемпионатының қола жүлдесіне иелік етті.
Бірінші орынды Ярослав Магучий (Украина) жеңіп алды. Екінші орынға австралиялық Элеонора Паттерсон жайғасты.