Футбол

Андрей Карпович: Матч оңайға соқпайды

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында қалу үшін Молдова құрамасымен екі кездесу өткізеді.

Матч алдында Қазақстан құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович баспасөз мәжілісін өткізді.

— Бұл ойынға дайыныққа уақыт аз болды. Соған қарамастан жақсы көңіл күймен келдік.  Алдағы ойын бізге үлкен сынақ болғалы тұр. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, «С» лигасында қалғымыз келеді.

-Командаға Исламбек Қуат көмектесе алмайды…

-Жалғыз ол емес, жарақатына байланысты Ян Вороговский де болмайды. Қалған жігіттер ойынға тас-түйін дайын. Исламбекті ойнамаса да,  жігіттердің рухын көтерсін деп командамен бірге алып келдік.

-Неліктен сізді бас бапкердің міндетін атқарушы етіп қойды?

-Бұл сұраққа жауап беру менің құзырыма жатпайды. Басшылық жауап береді. Футболда мұндай жағдайлар өте көп. Федерацияның шешімін талқылау дұрыс емес деп ойлаймын.

— Қазір Қазақстан құрамасында Құралбек Ордабаев секілді өнер көрсететін қақпашылар бар ма?

— Кез-келген қақпашы сол деңгейге жете алады. Бәрі футболшының өзіне байланысты. Қазір бізде жас қақпашылар көп. Ұлттық құрамаға тұрақты түрде шақыртылып жүрген Сейсенді айтсақ болады. Одан бөлек, Қазақстанның жастар және жасөспірімдер құрамасында талантты қақпашылар жетерлік. Бұл тақырыпта әңгіме қозғау өте қиын, себебі Құралбек Ордабаев біздің футболдағы ұлы тұлға болып табылады. Жас қақпашылар бұл деңгейге жетуі мүмкін, бәрі тек өзідеріне байланысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button