Футбол
Бауыржан Тұрысбек жаңа команда тапты
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-шабуылшысы Бауыржан Тұрысбек жаңа командамен келісімге келген.
Футбол инсайдері Айдын Қожахметтің жазуынша, 30 жастағы шабуылшы карьерасын «Атырау» сапында жалғастырады. Ол жақында командаға қосылады.
Маусымаралық үзіліс кезінде Тұрысбек «Ақсу» командасында жаттығу жиынында болған. Бірақ келісімшартқа отырмады. Былтыр шабуылшы «Жетісу» командасында өнер көрсеткен.
Сонымен қатар Бауыржан Сербияның «Раднички» Семейдің»Спартак», Қаскелеңнің «Сұңқар» және «Қайрат», «Тобыл», «Шахтер», «Тараз» командаларында ойнаған.
Ұлттық құрама сапында 14 матч өткізіп, 3 гол соққан.