Футбол

Қазақстан жастары соңғы минутта бір ұпайға қол жеткізді

Жастар арасындағы EURO-2023 чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан Шотландиямен Алматыда тең түсті.

Шотландия жастары 70-минутқа дейін 2 гол айырмашылығымен алда тұрды. Ал матчтың соңғы 20-минутында Қайрат Нұрдәулетовтің шәкірттері мінез танытып, кездесу соңына дейін есепті теңестірді. Былай, ойында жерлестеріміз тәп-тәуір ойнаған.

Бұл Қазақстан жастарының осы іріктеудегі 8 ойындағы алғашқы ұпайы.

Қазақстан U-21 – Шотландия U-21 – 2:2

Голдар: Еркебұлан Сейдахмет, 71 (пенальти). Абылайхан Жұмабек, 90+5. – Росс Грахам, 25, Том Клейтон, 58.

Қазақстан U-21: Темірлан Анарбеков,  Сағи Совет, Арсен Буранчиев (Вячеслав Швырев, 64), Дінмұхамед Қашкен, Жалғас Жақсылықов, Лев Скворцов, Эльхан Астанов, Сұлтан Сағынаев (К) (Мирас Тұрлыбек, 85), Станислав Басманов (Данияр Үсенов, 75), Еркебұлан Сейдахмет (Жаслан Жұмашев, 85), Абылайхан Жұмабек;

Шотландия U-21: Киран Сликер (В) – Джош Доиг, Росс Грахам, Стивен Уэлш (К) (Том Клейтон 51), Келвин Рэмзи (Скотт Бэнкс 69) – Льюис Майо, Джон Кэмпбелл, Коннор Баррон – Джек Барроуз (Скотт Хай 74), Марк Леонард, Гленн Миддлтон;

Басқа жаңалықтар

Back to top button