Жүйке жұқартқан пенальти сериясындағы жеңіс
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасының С дивизионында қалатын болды.
Андрей Карпович шәкірттері бұған дейін Кишиневте 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал елордадағы қарымта ойында 0:1 есебімен есе жіберді. Сосын ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Футбол лотериясында Қазақстан қақпашысы Игорь Шацкий ерлік танытып, құраманы қиын сәтте алып шықты.
Енді Қазақстан Ұлттар лигасының жаңа маусымында С дивизионында ойнайды. Қарсыластарымыз — Әзірбайжан, Словакия, Беларусь құрамалары.
Қазақстан – Молдова – 0:1 (пенальти сериясынан – 5:4) (жалпы есеп – 2:2)
Гол: Игорь Армаш, 13
Қазақстан: Игорь Шацкий, Гафуржан Суюмбаев (Тимур Досмағамбетов, 46), Нұрәлы Әліп (Абзал Бейсебеков, 103), Сергей Малый, Александр Марочкин, Марат Быстров (Бағдат Қайыров, 66), Асхат Тағыберген (К) (Георгий Жуков, 103), Исламбек Қуат, Владислав Васильев (Айбар Жақсылықов, 66), Бактиер Зайнутдинов, Абат Айымбетов (Айбол Әбікен,116);
Молдова: Дорин Райлян, Олег Рябчук, Вячеслав Посмак, Вадим Болохан (Артур Крачун, 64), Игорь Армаш, Иоан-Кэлин Ревенко, Артур Ионица (К), Михай Платика (Дмитрий Мандрыченко, 69), Вадим Раца – Михаил Каймаков, Ион Николаеску
Рефери: Иван Кружляк (Словакия);
29 наурыз, 2022 – 20:00. Нұр-Сұлтан, Қазақстан, «Астана Арена».