Бокс
Головкин – Мурата жекпе-жегіне 7 млрд теңге жұмсалды
31 наурыз күні кешке орта салмақта IBF/IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Токиоға барды.
Жерлесіміз 9 сәуірде Жапония астанасында WBA Super нұсқасы бойынша чемпион атағына ие Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі.
GGG командасы Токио халықаралық әуежайына чартерлік рейспен жеткен. Бұл туралы daily.co.jp сайтына сілтеме жасай отырып «Қазақ спорты» хабарлайды. Қазақстандық былғары қолғап шеберін БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер күтіп алды.
Ұйымдастырушылар мәліметінше, GGG – Murata кездесуі Жапонияның бокс тарихындағы ең қымбат жекпе-жек болмақ. Бұл кешті ұйымдастыруға 2 миллиард йен (7 526 880 000 теңге) жұмсалды.
【ボクシング】2022年3月31日
〝最強男〟ゴロフキン来日❗️
「村田はとてもスマートで強い…自分にとって危険な相手」 https://t.co/Ph0qy6dNRu#ゴロフキン @GGGBoxing pic.twitter.com/8pmTt3jxOP— 東スポ 写真部 (@tospophoto) March 31, 2022