Бокс
Головкин Муратамен болатын жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болатын жекпе-жекке қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Айқас аптасы ресми түрде басталды. Дайынбыз», – деп жазды GGG өзінің Instagram-тағы парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин – Мурата кездесуі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) ұйымдастырылады. Боксшылар орта салмақ дәрежесінде WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша чемпиондық атақтарды сарапқа салады.



