Футбол
Қазақстанда тағы бір футбол клубы пайда болды
Түркістан облысында "Арыс" атты жаңа футбол клубы құрылды.
Бұл клуб Қазақстанның Екінші лигасында өнер көрсетпек. Клубты құүрған — Ерғазы Медетбеков. Ол бұған дейін «Арыс» атты команданың іргетасын қалаған. Кейін сол кездегі «Арыс» Премьер-лигаға жолдама алған соң, атауын «Тұран» деп өзгерткен. Енді бұл «Арыстың» бұрынғы «Арысқа» еш қатысы жоқ.
Бас бапкер қызметін Әбдіхалық Бөрібаев атқарады. 53 жастағы отандық маман 2019-2021 жылдары «Тұран» клубын жаттықтырған.
Жаңа команда екі жолдастық кездесу өткізіп өзгерді, Атап айтқанда «Тараз-Қаратау» (0:1) және «Қыранмен» (0:3) ойнады, «Арыс» Екінші лигадағы алғашқы ойынын Қазақстан кубогы аясында ертең «Aqtobe City» командасымен өткіезді. Матчтың басталу уақыты – 15:00.