Футбол

Футбол: Әли Әлиев елордалық клубқа бас бапкер болып тағайындалды

Елорданың «Жеңіс» клубы 41 жастағы қазақстандық маман Әли Әлиевтің бас бапкер болып тағайындалғанын хабарлады.

Бұл туралы «Қазақ спорты» KazFootball.kz сайтына сілтеме жасай отырып жазады.

Өткен маусымда Иван Азовский баптаған «Жеңіс» Екінші лигада өнер көрсетіп, Бірінші лигаға өтуге мүмкіндік алған.

Енді бас бапкер міндеті Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Әли Әлиевке жүктеліп отыр.

Әлиев бапкерлік мансабын 2018 жылы, «Қызыл-Жар СК» командасында ойнап жүрген кезде бастаған. 2019 жылы ол петропавлдықтардың толыққанды бас бапкері атанып, командаға Бірінші лигада жеңімпаз атануға көмектесті.

2021 жылдың басында ол Қарағандының «Шахтеріне» бас бапкер болып тағайындалғанымен, араға үш ай салып орнынан кетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button