БастыБокс

Жыл жекпе-жегі болады – Головкин Муратамен айқас туралы

Қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) баспасөз конференциясын өткізді.

Орта салмақта IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) WBA «суперчемпионы» жапониялық Риота Мурата (16-2, 13 КО) екеуі жыл жекпе-жегін ұйымдастыратынына сенімді.

«Муратамен кездесу өте маңызды. Уақыттың алдына түскім келмейді. Өтетін жекпе-жекке барынша тыңғылықты жаттығу жасап жатырмын. Мурата мен оның жұмысын құрметтеймін. Одан атақты тартып алуға барымды саламын. Жапонияға келген себебім де сол. Лық толған аренада айқас өткізуге асықпын. Екеуміздің бокстасу стиліміз ұқсас. Бұл жанкүйерлерге арналған бокс сыйлығы болмақ. Жыл жекпе-жегі болады деп ойлаймын», — деп келтіреді Головкиннің сөздерін Fightnews.com.

Бұған дейін Геннадий осы кездесуге қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button