Отандасымыз Пхукете шаршы алаңында 81 келіде жұдырықтасып, финалда үнді боксшысы Ашиш Кумарды жеңді.
Сөйтіп, 2018 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы Қазақстан қоржынына екінші алтынды сыйлады. Бұған дейін Серік Теміржанов (57 келі) топ жарған. Сұлтан Мусинов (63,5 келі) пен Асланбек Шымбергенов (69 келі) күмісті қанағат тұтқан.