Футбол

Гоу бар жерде гол бар. «Ақтөбе» маусымдағы екінші жеңісіне қол жеткізді

"Ақтөбе" премьер-лиганың 5-турында Павлодарда жергілікті "Ақсу" командасын жеңді.

Матчтағы алғашқы голды 62-минутта алаң иелері сапынан Айбол Әбікен шалқалап теуіп соққан. Дегенмен, матчтың соңғы 20-минутында қонақтар ширақ қимылдап, жеңісті жұлып алды. Алдымен француз шабуылшысы Уго Видемон мергендік танытса, кездесудің нүктесін Жерар Гоу қойды. Сөйтіп,  «Ақтөбе» маусымдағы екінші үш ұпайына қол жеткізді. Бұған дейін олар “Атыраудан” басым түскен.

«Ақсу» – «Ақтөбе» – 1:2

Голдар: Айбол Әбікен, 62. Уго Видемон, 71, Жерар Гоу, 84.

«Ақсу»: Евгений Кучеренко,  Гафуржан Сүйімбаев (К) (Дмитрий Бачек, 88), Фейт Обилор, Ұлар ЖаҚсыбаев, қайрат Жырғалбек, Айбол Әбікен, Жаслан Қайыркенов, Асланбек Кәкімов, Дамир Марат (Еркебұлан Тұңғышбаев, 79) – Изат Құлжанов (Павел Красотин 68), Мирас Тұрлыбек (Сергей Хижниченко, 68);

«Актобе»: Саша Стаменкович, Дмитрий Шомко, Йоахим Адукор, Артурас Жулпа, Темірлан Ерланов, Әділхан Таңжарықов, Юрий Логвиненко (К), Руслан Камболов (Әлібек, Қасым. 69) – Уго Видемон (Виталий Балашов. 90+5), Рожерио Шина (Максим Самородов. 69), Жерар Гоу;

Төрешілер: Александр  Затула (Өскемен), Алексей Шабанов (Алматы),  Ринат Якбаров (Семей).

Басқа жаңалықтар

Back to top button