Мен «Ақтөбеге» ауысқанда гол соғам деп келдім. Мұнда мен үлкен команданың көшбасшысы атанамын және чемпионат үздігі боламын деп келген едім. Бұған дейінгі матчтарда мен көп рет гол салуға тырыстым, ал өткен ойында пенальти соға алмадым. Бірақ бүгін құдай жар болып көзге түстім. Қол жеткізген жеңіске өте қуаныштымын әрі бұл матчтағы нәтиже маған шаттық сыйлайды. Бұл менің Қазақстандағы 100-голым және мен «Ақтөбеде» өзімді бақытты сезінемін.
Бүгінгі ойын оңай болған жоқ. «Ақсу» тамаша өнер көрсетті. Олар бізге қысым танытты, алайда біз жігіттер болып команда ретінде камбэк жасай алдық. Біз өз-өзімізге сендік және келесі ойында ұту үшін ары қарай қадам басатын боламыз.