Футбол
Нұрәлі Әліп алғаш рет «Зенит» сапында 90 минут ойнады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұрәлі Әліп Ресей премьер-лигасында алғаш рет 90 минут ойнап шықты.
Санкт-Петербург командасы Екатеринбургтың «Урал» клубымен кездескен. Бұл премьер-лиганың 25-туры болатын.
22 жастағы қорғаушы алғашқы минуттан алаңға шығып, толық кездесу өткізді. Аналитикалық SofaScore порталы футболшыға 6,6 бал қойды.
«Зенит» (Санкт-Петербург, Ресей) – «Урал» (Екатеринбург, Ресей) – 3:1
Голдар: Клаудиньо 12, Юри Альберто 37, Артем Дзюба 78 – Юрий Железнов 83.