Жасөспірімдер құрамасы УЕФА-ның халықаралық турниріне қатысады
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (U-16) Отепяда өтетін (Эстония) Халықаралық даму жарысына қатысады.
Біздің жігіттер ҚФФ-ның Талғардағы базасында апталық оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Содан соң Александр Кузнецовтың командасы Эстониядағы жарысқа аттанады және сол жерде Жаңа Каледония, Эстония және Фарер аралдарының құрамаларымен бақ сынасады.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ОЖЖ шақыртылған ойыншылар тізімі:
Қақпашылар: Алихан Жанай («Астана»), Әбілқайыр Әлиақбар («Қайсар»), Анатолий Сычев («Қайрат»);
Қорғаушылар: Елжан Молдахмет, Әлихан Исраилов (екеуі де – «Қайрат»), Данияр Ерлан, Әмір Мәнсүров, Тимур Құрбанов (барлығы – «Жас Қыран»), Рустам Жанхаев, Ерлан Тұтқабаев (екеуі де – «Шахтер»), Бейбарыс Әбділхай («Тараз»);
Жартылай қорғаушылар: Ахметали Қалтанов («Астана»), Эльдар Мақсұтов, Ерасыл Юсупов (екеуі де – РСК), Алан Адахаев, Әділет Мыңбай, Сұлтан Шымырхан (барлығы – «Оңтүстік Академиясы»), Данияр Нәдір («Тузласпор», Түркия), Хамза Мұхаметали, Илья Веремеев (екеуі де – «Жас Қыран»), Әділет Өмей, Димаш Серікұлы (екеуі де – «Тараз»), Аян Байдәулетов («Ақтөбе»), Тамерлан Ағиманов («Ақсу»);
Шабуылшылар: Аруп Саутов («Қайрат»), Виктор Лакеев («Жас Қыран»), Нұрсұлтан Абдулла («Каспий»), Ілияс Әбіл («Ақсу»), Дияр Қадырқұлов («Аланьяспор, Түркия»);
Бапкерлер штабы:
Александр Кузнецов – аға бапкер, Игорь Маштаков – аға бапкердің көмекшісі, Дмитрий Юрков – аға бапкердің көмекшісі, Азат Құрманов – қақпашылар бапкері.
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының ойындар күнтізбесі:
26.04.2022 | 18:00
Қазақстан U-16 – Жаңа Каледония U-16
28.04.2022 | 21:00
Қазақстан U-16 – Эстония U-16
01.05.2022 | 13:00
Фарер аралдары U-16 – Қазақстан U-16