Футбол
«Тұран» Алматыда «Қайратты» жеңіп кетті
Қазақстан премьер-лигасының 7-турында Түркістанның "Тұран" клубы сырт алаңда "Қайратты" жеңіп кетті.
Матчтағы жалғыз голды «Тұран» капитаны Азат Нұрғалиев пенальтиден соқты. Бұл Түркістан командасының осы маусымдағы алғашқы добы. Команда алғашқы алты турда қарсылас қақпасынан саңылау таппаған.
«Қайрат» – «Тұран» – 0:1
Гол: Азат Нұргалиев 31 (пенальти)
«Қайрат»: Данил Устименко, Сергей Кейлер, Егор Ткаченко, Виктор Васин, Дамир Касабулат, Сұлтанбек Астанов,Андрей Ульшин (Антон Крачковский, 46), Рикарду Алвеш (К) – Жоао Пауло, Жасурбек Жалолиддинов (Яцек Гуральский, 46), Артур Шушеначев;
«Тұран»: Ержан Токотаев, Лев Скворцов, Александр Клещенко, Олжас Керімжанов, Андрей Залеский – Абдуллай Диакате, Еркін Тапалов, Тони Сильва, Фархат Мұсабеков.Азат Нұрғалиев (К), Самир Фазли;
Бас төреші: Саят Қарабаев (Нұр-Сұлтан),