Футбол

Златан Ибрагимович 40 жаса рекорд орнатты

Италияның "Милан" командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович А Сериясында жаңа рекорд орнатты.

Журналист Джозеф Шепардтың ақпараты бойынша швециялық шабуылшы 40 жас алты ай 21 күн толғанда нәтижелі пас беріп, Франческо Тоттидің рекордын жаңартты ( 40 жас төрт ай 23 күн).

«Милан» 34-турда сырт алаңда «Лационы» жеңді. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ибрагимович 92-минутта жеңіс голын соққан Сандро Тоналлиге нәтижелі пас шығарып берді.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button