Футбол

16 жасқа дейін құрама УЕФА Даму кубогындағы екінші ойынын өткізді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы халықаралық «УЕФА Даму Кубогы» жарысының екінші ойынында алаң иелері Эстониямен кездесті.

Александр Кузнецовтың командасы 0:2 есебімен ұтылып жатып, тоқсаныншы минутта таразы басын теңестіре алды.

Пенальтия сериясында Эстония ойыншыларының жолы болып, 8:7 есебімен жеңіске жетті.

Жасөспірімдеріміздің келесі ойыны 1 мамырда Фарер аралдарынан келген құрдастарына қарсы өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 13:00-де басталады.

Қазақстан U-16 – Эстония U-16 – 2:2 (0:1). Пенальти – 7:8

Голдар: Саутов 58, Адахаев 90+1 – Планкен 13, Калимуллин 53

Ескертулер: Серікұлы 41, Агиманов 59 – Саккис 58

Казахстан U-16: Әлиақбар (қ), Молдахмет, Ерлан, Исраилов (к), Әбіл, Қалтанов (Мұхаметәли 68), Саутов, Ағыманов, Серікұлы (Мыңбай 46), Құрбанов (Адахаев 86);

Қосалқы құрам: Жанай (қ), Лакеев, Өмей, Нәдір, Тұтқабаев, Әбділхай;

Аға бапкер: Александр Кузнецов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button